• RUB:
    4.86
  • USD:
    441.58
  • EUR:
    480
Басты сайтқа өту
Қоғам 21 Ақпан, 2024

«Далаға түнеген». Адасып кеткен екі адам табылды

136 рет
көрсетілді

Солтүстік Қазақстан облысында  үйірлі жылқыны іздеуге шығып, адасып кеткен екі адам табылды, деп жазады Egemen.kz Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«21 ақпанда түнде Солтүстік Қазақстан облысы, Уәлиханов ауданы, Қайрат ауылының маңында ТЖД, полиция бөлімінің, ЖАО және халықтың күшімен 1976 жылы туған тракторшы мен 1969 жылғы шопан іздестірілді. Олар 20 ақпанда трактормен жылқыларды іздеуге шығып, қайтып оралмады. 21 ақпанда таңертең жоғалған тракторшы мен шопанды ТЖД қызметкерлері қар-батпақта еркін жүретін Трэкол көлігімен Сарағырт ауылының маңынан тапқаны» жазылған ақпаратта.