• RUB:
    4.86
  • USD:
    441.58
  • EUR:
    480
Басты сайтқа өту
Ауа райы 16 Ақпан, 2024

Қатты аяз алдағы үш күн бойы сақталады

1491 рет
көрсетілді

«Қазгидромет» РМК синоптиктері 17, 18, 19 ақпанға арналған ауа райы болжамын жариялады. Олардың мәліметінше елімізде аяз әлі де сақталады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Синоптиктердің айтуынша елдегі ауа райына арктикалық антициклон әсер етеді. Аяз сақталады, тек республиканың оңтүстік-шығысында 17 ақпанда атмосфералық фронттар ықпалынан қар жауады, таулы аймақтарда – қалың қар, тұман, көктайғақ, бұрқасын болады.

Республиканың солтүстік және шығыс облыстарында ауа температурасы түнде 30-38, күндіз 20-28. Республиканың оңтүстік-шығысында түнде 15-25, тауларда 30-35 градус, күндіз 10-25 градус аязға дейін төмендейді.