• RUB:
    4.86
  • USD:
    441.58
  • EUR:
    480
Басты сайтқа өту
Ауа райы 15 Ақпан, 2024

- 38 градус: Елімізде аяз қайта күшейеді

1310 рет
көрсетілді

Қазақстан аумағына солтүстік-батыстан арктикалық антициклон келеді, соның нәтижесінде елімізде аязды ауа райы болады, деп хабарлайды Egemen.kz «Қазгидромет» РМК-ға сілтеме жасап.

15 ақпанда шығыста, 16 ақпанда республиканың оңтүстік-шығысында атмосфералық фронтальды бөліктердің өтуіне байланысты жауын-шашын, кей жерлерде қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ, бұрқасын болады.

Батыста ауа температурасы түнде 12-30 градус аязға дейін, солтүстік-батыста, солтүстікте және орталықта 30-38 градус аязға дейін, 16 ақпанда шығыста 18-35 градусқа дейін аяз көтеріледі, ал оңтүстікте ауа райы 10-30 градусқа дейін ауа температурасы төмендейді, 17 ақпанда оңтүстікте шығыста 15-28 градус аяз болады.