• RUB:
    4.86
  • USD:
    441.58
  • EUR:
    480
Басты сайтқа өту
Қоғам 14 Ақпан, 2024

«Қандас» мәртебесін беру жандана түседі

141 рет
көрсетілді

Мәжілістің бүгінгі жалпы отырысында «қандас» мәртебесін беру жетілдірілетіні айтылды. Түзетулерді екінші оқылымға дайындау барысында депутаттар «қандас» мәртебесін беру тәртібін жетілдіруге бағытталған жаңа норма әзірледі, деп жазады Egemen.kz  Мәжілістің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Қандас» мәртебесін және Қазақстан азаматтығын алу үшін өтініш білдірген адамдардың ұлты қазақ екенін анықтау тәртібі жергілікті атқарушы органдардың құзыретіне кіреді. Сондай-ақ қандастарды қабылдаудың өңірлік квотасына этникалық қазақтардың жеке отбасы мүшелері, қандастардың жесірлері және олардың ортақ балалары енгізілетін» норма күшіне енеді.

Сонымен қатар азаматтық алудың оңайлатылған тәртібін қолдана алатын адамдар санаты кеңейтілді. «Енді елімізде заңды түрде тұрақты тұратын Қазақстан Республикасы азаматтарының жесірлері тұру мерзіміне қарамастан оңайлатылған (тіркеу) тәртіппен Қазақстан азаматтығын ала алады. Сондай-ақ бұл қатарға халықаралық шарттар негізінде оңайлатылған тәртіппен Қазақстан азаматтығын алуға құқығы бар адамдар да кіретіні» айтылған ақпаратта.