• RUB:
    4.88
  • USD:
    443.44
  • EUR:
    480.51
Басты сайтқа өту
Оқиға 14 Ақпан, 2024

«Өзіне оқ атқан». Көкшетауда 1-курс кадеті көз жұмды

193 рет
көрсетілді

Кеше  Ш. Уәлиханов атындағы әскери колледждің 1-курс кадеті көз жұмды. Оқыс оқиға болғанын Қорғаныс министрлігі де растады, деп жазады Egemen.kz.

«1-курс кадеті тәуліктік кезекшілік міндетін өтеуге кірісу барысында бекітілген қарудан өз-өзіне оқ атып, қайтыс болды. Қорғаныс министрлігінің басшылығы және әскери колледждің жеке құрамы кадеттің отбасы мен жақындарына қайғысына ортақтасып көңіл айтады», делінген хабарламада.

Қазіргі уақытта оқиғаның мән-жайы анықталып, аталған факт бойынша қылмыстық іс қозғалды.