• RUB:
    4.88
  • USD:
    443.44
  • EUR:
    480.51
Басты сайтқа өту
Аймақтар 13 Ақпан, 2024

Ақмола облысында жылқылар аштан қырылып жатыр

271 рет
көрсетілді

Ақмола облысында тебінде жүрген жылқылар аштан өліп жатыр. Себебі қыста жауған жауыннан жер мұз болып қатып қалған, деп хабарлайды Egemen.kz КТК арнасына сілтеме жасап.

Қыста жаңбыр жауып жер беті тоң болып қатып қалған. Соның салдарынан Біржан сал ауданында бір үйірдегі 53 бас жылқы аштан өлген. Осындай жағдай өңірдегі барлық елдімекендерде қайталанып жатыр.

Биыл іш тастаған мал да көп. Ал Зеренді ауданындағы Бірлестік, Дөңгілағаш, Қоныспай ауылдарының төрт түлігі де шетінен құлап жатыр екен. Алайда аудан билігі аштан қырылып жатқан малға жем-шөп жеткізуге асығар емес дейді ашулы ауыл халқы. 

«Жылқылар құлап жатыр. Жағдай өте қиын болып тұр. Үкіметтен ешқандай шара жоқ. Барлық жылқышылардың жанайқайы бұл. Айғайы, Көмек сұраймыз!», деді жылқышы Темірбек Ғалымов