• RUB:
    4.88
  • USD:
    443.44
  • EUR:
    480.51
Басты сайтқа өту
Қоғам 12 Ақпан, 2024

Қаңтар оқиғасы кезінде ұрланған: Алматыда қару жасырылған 3 орын табылды

75 рет
көрсетілді

Ұлттық қауіпсіздік комитеті Бас прокуратураның үйлестіруімен жедел-іздестіру іс-шаралары барысында Алматы облысында қару жасырылған 3 орынды анықтады, деп жазады Egemen.kz.

Анықталған 3 жасырын орыннан 4 Калашников автоматы мен оған 3 оқжатар, Макаров тапаншасы, карабин, аңшы мылтығы, сондай-ақ әртүрлі калибрдегі 65 патрон табылды.

Ұлттық қауіпсіздік комитеті табылған қару-жарақтар қаңтар оқиғасы кезінде ұрланған болуы мүмкін екенін айтты.

Қазір сотқа дейінгі тергеп-тексеру жұмыстары жүргізіліп жатыр.