• RUB:
    4.88
  • USD:
    443.44
  • EUR:
    480.51
Басты сайтқа өту
Теннис 09 Ақпан, 2024

Mubadala Open турнирі: Елена Рыбакина жеңіспен бастады

92 рет
көрсетілді

Теннистен еліміздің бірінші ракеткасы Елена Рыбакина Абу-Дабиде (БАӘ) өтіп жатқан Mubadala Open турнирін жеңіспен бастады, деп жазады Egemen.kz.

 

Елена алғашқы айналымда америкалық Даниэлле Коллинсті ұтты.

Турнирдің бірінші ракеткасы саналғандықтан Рыбакина екінші айналымнан додаға қосылды.

Енді ол жартылай финалға шығар жолда Испания теннисшісі Кристина Бучаның күшін байқап көреді.