• RUB:
    4.82
  • USD:
    440.9
  • EUR:
    475.95
Басты сайтқа өту
Тағайындау 09 Ақпан, 2024

Үкімет Аппараты басшысының бірінші орынбасары тағайындалды

144 рет
көрсетілді

Премьер-министрдің қаулысымен Асқар Серікжанұлы Жәкенов Үкімет Аппараты басшысының бірінші орынбасары болып тағайындалды, деп хабарлайды Egemen.kz Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Асқар Жәкенов 1975 жылы Қарағанды қаласында дүниеге келген. Қарағанды мемлекеттік техникалық университетін және «Қайнар» университетін тәмамдаған.

1998-1999 жылдары – «Каргормаш-ИТЭКС» ЖТАҚ-ында сыртқы экономикалық байланыстар, кеден және банк ісі бойынша жетекші маман, заң кеңесшісі.

1999-2002 жылдары – Әділет министрлігінде жетекші маман, бас маман, бөлім басшысы. 2002-2003 жылдары – осы министрлікте басқарма басшысының орынбасары. 2003-2004 жылдары – аталған ведомствода басқарма басшысы.

2004-2012 жылдары – Премьер-министр Кеңсесінің заң бөлімі меңгерушісінің орынбасары.

2012-2013 жылдары – Премьер-министр Кеңсесінің заңнама, қорғаныс және құқықтық тәртіп бөлімі меңгерушісінің орынбасары, Премьер-министр Кеңсесінің заң бөлімі меңгерушісінің орынбасары.

2013-2019 жылдары – Премьер-министр Кеңсесінің бақылау және құжаттамалық қамтамасыз ету бөлімінің меңгерушісі.

2019-2023 жылдары – Премьер-министр Кеңсесі басшысының орынбасары, Үкімет Аппараты басшысының орынбасары.

2023-2024 жылдары – Президент Әкімшілігінің басшысы хатшылығының меңгерушісі.

2024 жылдың ақпанында Үкімет Аппараты басшысының бірінші орынбасары болып тағайындалды.