• RUB:
    4.84
  • USD:
    441.41
  • EUR:
    477.78
Басты сайтқа өту
ANTIKOR 08 Ақпан, 2024

Қайрат Сатыбалдыұлының ісі: 44,6 млрд теңге мемлекетке қайтарылды

106 рет
көрсетілді

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Қайрат Сатыбалдыұлына қатысты қылмыстық істерді тергеу барысында мемлекетке 44,6 млрд теңге қайтарды, деп хабарлайды Egemen.kz Антикордың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Қ. Сатыбалдыұлына қатысты қылмыстық істерді тергеу шеңберінде мемлекетке 2024 жылдың басынан бастап қосымша 44,6 млрд теңге қайтарды. Қаражат мемлекетке келтірілген залалды өтеу есебінен республикалық бюджетке жіберілді», делінген хабарламада.

Бұған дейін 2023 жылы желтоқсанда Қайрат Сатыбалдыұлы мемлекетке 120 млн доллар қайтарған болатын. Антикор Қайрат Сатыбалдыұлына қатысты жүргізіліп жатқан тергеу шеңберінде елден заңсыз шығарылған активтерді, оның ішінде қылмыстық жолмен алынған ақшаны және өзге де мүлікті қайтарып жатқанын хабарлаған еді.