• RUB:
    4.88
  • USD:
    443.44
  • EUR:
    480.51
Басты сайтқа өту
Оқиға 02 Ақпан, 2024

Ақтөбе облысында қыз бала жоғалып кетті

946 рет
көрсетілді

Ақтөбе облысы полиция департаменті кәмелетке толмаған Ракип Еңлік Дәулетиярқызын іздеп жатыр. 1 ақпанда үйінен шығып кеткен ол әлі оралмаған, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Ол 2007 жылғы, бойы шамамен 160-165 см, дене бітімі - арық, шашы - ұзын қара, көздері - үлкен, ерні -  қалың, қасы -  доға тәріздес. Киімі: қоңыр түсті қысқа куртка, ақ-сұр жолақты шалбар, ақ етік. Ерекше белгілері жоқ», делінген хабарламада.

Осы орайда аталған полиция департаменті инстаграм парақшасында ол туралы қандай да бір білетіндер болса, 102 немесе 8 776-546-66-66 нөміріне хабарлауды сұрады.