• RUB:
    4.76
  • USD:
    439.4
  • EUR:
    473.54
Басты сайтқа өту
Сенат 30 Қаңтар, 2024

Сенаторлар азаматтық заңнаманы дамыту мәселелерін талқылады

52 рет
көрсетілді

Сенатта Конституциялық заңнама, сот жүйесі және құқық қорғау органдары комитетінде «Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасы: жағдайы және одан әрі дамыту жолдары» тақырыбы  бойынша отырыс өтті, деп хабарлайды Egemen.kz.

Комитет төрағасы Нұрлан Бекназаров Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексі барлық мүліктік және мүліктік емес жеке қатынастарды реттеудің құқықтық негізі және кең ауқымды жеке-құқықтық қатынастар тізімін реттейтін жүйелі заң болып саналатынын айтты. Депутат атап өткендей, ол қазіргі замандағы қауіп-қатерге жауап беру үшін жетілдіруді қажет етеді.

«Азаматтық кодекстің құрылымын егжей-тегжейлі зерделеу және талдау бойынша ауқымды жұмыс атқаруға тура келеді. Бүгінгі шараны Қазақстанның азаматтық заңнамасын жетілдіруге бағытталған маңызды қадамдардың бірі ретінде қарастыруға болады», деді сенатор.

Кездесуге ҚР Парламенті Сенатының депутаттары, Жоғарғы Соттың, салалық министрліктердің, сондай-ақ еліміздің сарапшылар және заңгерлер қауымдастығының өкілдері қатысты.