• RUB:
    4.86
  • USD:
    441.58
  • EUR:
    480
Басты сайтқа өту
Ауа райы 26 Қаңтар, 2024

Демалыста күн суып, 30 градусқа дейін аяз болады

869 рет
көрсетілді

«Қазгидромет» РМК синоптиктері демалыс күндеріне арналған ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Алдағы үш күнде елдің батыс бөлігіне Батыс антициклон әсер етеді. Өңірде жауын-шашын болмаса да аязды ауа райы күтіледі, ал елдің қалған аймақтарына оңтүстік циклон және онымен байланысты атмосфералық фронтальді бөлімдер әсер етеді, олармен жаңбыр мен қар түрінде жауын-шашын жауады. Одан бөлек көктайғақ, тұман және боран болады деп болжанып отыр.

Түнде елдің батысында ауа температурасы 22-30 аязға дейін, солтүстік-батыста 20-30 аязға дейін, солтүстікте, орталықта және шығыста 7-18 аязға дейін әлсірейді, оңтүстікте 5 аязға дейін – 5 жылу, оңтүстік-шығыста 0-10 градус аязға дейін көтеріледі.