• RUB:
    5.14
  • USD:
    451.38
  • EUR:
    487.22
Басты сайтқа өту
Президент 23 Қаңтар, 2024

Президент Алматыға барады

192 рет
көрсетілді

Ертең Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев алдын ала жоспарланған жұмыс кестесіне сәйкес Алматы қаласына барады, деп жазады Egemen.kz.

Бұл туралы Президенттің кеңесшісі – Баспасөз хатшысы Берік Уәли әлеуметтік желідегі парақшасында хабарлады.

«Ертең Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев алдын ала жоспарланған жұмыс кестесіне сәйкес 24-25 қаңтар күндері Алматыға барады. Президент мегаполистегі бірқатар нысанды аралайды. Соның ішінде Қаңтар оқиғасынан кейін күрделі жөндеуден өткен әкімдік ғимаратына барып, қаладағы жағдайға байланысты жиын өткізеді», деп жазады Берік Уәли.