• RUB:
    5.14
  • USD:
    451.38
  • EUR:
    487.22
Басты сайтқа өту
Қоғам 04 Наурыз, 2024

Жер сілкінісі кезінде қалай қорғану керек?

1016 рет
көрсетілді

Алматы облысының Төтенше жағдайлар департаменті жер сілкінісі кезіндегі іс-қимыл тәртібін еске салды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Мамандар жер сілкінісі кезінде мына амалдарды орындауға кеңес береді:

- ғимараттан шығыңыз (сізде 15-20 секунд уақыт болады);

- егер сіз жоғарғы қабатта болсаңыз, кіреберіс есіктің саңылауында тұрыңыз немесе балаларды құшақтап, негізгі қабырғалардың бұрышына отырыңыз;

- ешбір жағдайда терезенің жанында тұрмаңыз және балконнан секірмеңіз.

- сыртта жүрсеңіз, ғимараттардан, құрылыстардан, бағаналардан және қоршаулардан алыс болыңыз;

- үйге кірмеңіз: жер сілкінісі қайталануы мүмкін;

- лифттерді пайдаланбаңыз;

- сіріңке, шам жақпаңыз:

- сымдарды ұстамаңыз;

- зардап шеккендерге алғашқы медициналық көмек көрсетіңіз.