• RUB:
    4.9
  • USD:
    443.72
  • EUR:
    482.28
Басты сайтқа өту
Құтқарушы 14 Қаңтар, 2024

Ақмола облысы полицейлері тасжолда қалған шетелдіктерді құтқарды

160 рет
көрсетілді

Polisia.kz баспасөз қызметінің мәліметінше Астана-Петропавловск республикалық автожолында Ресейдің Сургут қаласынан келе жатқан рейстік автобус істен шыққан: ауа құбыры жарылған. Оқиға 14 қаңтарға қараған түні орын алған, деп хабарлайды Egemen.kz.

Жабық жолда жүргізушімен қоса 65 жолаушы қалған, оның ішінде 10 жастағы бала және 14 әйел. Олар Тәжікстан азаматтары.

Шетелдіктерге жәрдемге «Бақай» патрульдік полиция ротасының экипажы келіп, оқиға туралы ТЖ құрылымына және жергілікті атқарушы органдарға хабарлаған. Полицейлер автобусты қарап, бұзылу себебін тез анықтады.

Тәртіп сақшылары жүргізушілермен бірге сол жерде ақауларды жойып, автобусты Ақкөл қаласындағы ең жақын жылыту пунктіне дейін алып жүрді.

Мұнда шетелдіктер жолдың ресми ашылып, қозғалыс қайта басталатын уақытқа дейін болады.