• RUB:
    4.88
  • USD:
    443.44
  • EUR:
    480.51
Басты сайтқа өту
Спорт 11 Қаңтар, 2024

Париж – 2024: Қаңтар айында өтетін лицензиялық турнирлер

144 рет
көрсетілді

Париж Олимпиадасына осы ай мерзімінде қандай спорт түрлерінен жолдамалар сарапқа салынатыны анықталған. Сол жарыстар Қазақстан спортшыларының қатысуымен өтеді, деп жазады Egemen.kz. 

Спортты дамыту дирекциясының мәлімдеуінше, осы күні Индонезия астанасы Джакартада нысана көздеуден Азия чемпионаты өтіп жатыр. Аталған дода қаңтардың 18-іне дейін өтеді.

Ал қаңтардың 12-22 күндері аралығында Кувейттің Эль-Кувейт қаласында стенд атудан Азия чемпионатында алдағы Жазғы Олимпиадаға жолдама беріледі.

Сонымен қатар 20 қаңтарда WA нормативі бойынша спорттық жүруден Түркияның ашық чемпионаты байрағын желбіретсе, 27 қаңтарда Астана қаласында Әмин Тұяқов жүлдесіне арналған әлемдік турнир болады.

Португалияның Одивалос қаласында осы айдың 26-28 күндері аралығында дзюдодан ерлер мен әйелдер арасында рейтингтік ұпай берілетін «Grand Prix Portugal» турнирі өтеді.

Семсерлесу шеберлері 12-24 қаңтар күндері Тунис елінде бәсекелессе, 29-31 қаңтар аралығында Катар астанасы Доха қаласында семсерлесуден гран-при өтеді.