• RUB:
    4.86
  • USD:
    441.58
  • EUR:
    480
Басты сайтқа өту
Қоғам 08 Қаңтар, 2024

«Қайсар» футбол клубының видеооператоры өмірден өтті

180 рет
көрсетілді

Қызылордалық «Қайсар» футбол клубының фото, видео операторы Бауыржан Елденбаев фәниден бақиға көшті. Бұл туралы көпшілікті клубтың баспасөз қызметі құлағдар етті, деп хабарлайды Egemen.kz. 

Instagram-парақшасында клубтың баспасөз қызметі: «Біздің клуб үшін бүгін қаралы күн. Көпшілікті шедевр дүниелерімен таңғалдырған Бауыржан Елденбаев бақилық болды. Марқұмның ет-жақындарына, бауырларына, жұбайына қайғырып көңіл айтамыз. Соңғы демі қалғанша байланыста болған Бауырдың жұмысқа деген адалдығына бас иеміз. Бақұл бол, Бауыр», деп жазды. Жанкүйерлер марқұмды футбол ойындарында стадионнан жиі көргенін айтады. Футбол матчтарының есте қаларлық сәттерін бейнежазба, фотоға түсірген оператордың оқыс қазасы ойыншыларға да ауыр тиіп отыр.