• RUB:
    4.88
  • USD:
    443.44
  • EUR:
    480.51
Басты сайтқа өту
Ауа райы 08 Қаңтар, 2024

Қалың қар, боран: 8 қаңтарға арналған ауа райы болжамы

605 рет
көрсетілді

«Қазгидромет» РМК болжамы бойынша, бүгін Қазақстанда тұрақсыз ауа райы сақталады, деп хабарлайды Egemen.kz. 

Республика бойынша, жауын-шашын мен қар жауады. Солтүстікте негізінен қар жауып, боран соғады, ал, оңтүстікте және оңтүстік-шығыста жаңбыр мен қар күтіледі.

Солтүстікте, Ақмоланың оңтүстігінде, түнде Қостанай облыстарының солтүстігінде қалың қар жауады.

Республикада тұман, көктайғақ, екпінді жел күтіледі.