• RUB:
    4.88
  • USD:
    443.44
  • EUR:
    480.51
Басты сайтқа өту
Оқиға 04 Қаңтар, 2024

Астана-Петропавл тасжолында бір мезетте 15 көлік соқтығысты

86 рет
көрсетілді

Ақмола облысы аумағында болған жол апатының мән-жайы анықталып жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz. 

 

Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше жол-көлік апаты Астана-Петропавл тасжолының 216-шақырымы тұсында 2 қаңтар күні болған. Оқиға орнына жеткен полиция қызметкерлері бір уақытта 15 шақты көліктің апатқа ұшырағанын анықтаған.

Ведомство хабарламасында: «Құрбан болғандар жоқ. 37 жастағы ер адам, 33 жастағы әйел адам, 9-дағы бала түрлі жарақатпен Макинск ауруханасына жеткізілді. Зардап шеккендер ештеңеге шағымданбады», делінген.

ҚР ҚК-нің 610-бабы («Көлік жүргізушілерінің адамдардың денсаулығына зардабын тигізіп, көлік немесе өзге мүлкін бүлдіруге алып келген жол ережесін бұзу») бойынша екі көлік жүргізушісіне әкімшілік хаттама толтырылды.