• RUB:
    4.88
  • USD:
    443.44
  • EUR:
    480.51
Басты сайтқа өту
Оқиға 30 Желтоқсан, 2023

«Жоғалып кеткен»: Бірнеше ай бойы мектепке бармаған оқушы ізделіп жатыр

4353 рет
көрсетілді

28 желтоқсанда мектеп басшылығы Талдықорған қалалық полиция бөлімін бірнеше айдан бері сабаққа қатыспаған 14 жастағы оқушы қыздың жоғалып кеткені туралы хабардар еткен, деп жазады Egemen.kz. 

Іздеу жұмысымен айналысып жатқан Талдықорған қалалық полиция қызметкерлері: «Жоғалуының толық мән-жайы анықталып жатыр. Іздестіру шараларына Жетісу облыстық департаменттің іздестіру бөлімінің жедел уәкілдері және тақау орналасқан аудандардың полицейлері де тартылған», деп хабарлады инстаграм парақшасында.

Кәмелетке толмаған қыздың ата-анасынан, туыстарынан, жақындарынан жауап алынып, бейнебақылау камералары қаралып, такси аялдамалары тексеріліп, сонымен қоса, тез арада табуға бағытталған басқа да жұмыстар жүргізіліп жатыр.