• RUB:
    4.86
  • USD:
    441.58
  • EUR:
    480
Басты сайтқа өту
Аймақтар 29 Желтоқсан, 2023

Ақтауда қатты желден балабақшаның шатыры ұшып кетті

144 рет
көрсетілді

28 желтоқсан күні Ақтауда екпінді жел тұрып, салдарынан қаладағы №3 шағын ауданда орналасқан балабақшаның шатыры ұшып кетті. Шатыр ғимаратқа жақын тұрған 6 автокөлікке зақым келтірген. Бұл туралы қалалық Төтенше жағдайлар департаменті хабарлады, деп жазады Egemen.kz.

Оқыс жағдай кеше сағат 21:00 шамасында болған.

«Ақтау қаласында 16-21 м/с күшейген екпінді желдің салдарынан 40 шаршы метрді құрайтын  «Ясин» балабақшасының шатыры құлады. Салдарынан алты көлікке зақым келген. Зардап шеккендер жоқ», деп мәлімдеді Төтенше жағдайлар қызметінің баспасөз қызметі.