• RUB:
    4.88
  • USD:
    443.44
  • EUR:
    480.51
Басты сайтқа өту
Аймақтар 27 Желтоқсан, 2023

Павлодарда 53 млн теңгеге салынған мұз қалашығы еріп кетті

134 рет
көрсетілді

Павлодарда 26 желтоқсан күні ауа температурасы 3 градусқа дейін көтерілген, нәтижесінде Естаев түбіндегі 53 миллион теңгеге салынған мұз қалашығы ери бастады, деп хабарлайды Egemen.kz Irbistv.kz сайтына сілтеме жасап.

Мұз қалашығының ресми түрде ашылғанына бір апта да болған жоқ. Мұзды қала басында қарсыз жерге салынған, кейін қар жауған. Бүгінгі таңда мұзды пішіндер еріп, кішірейіп кеткен.  

«Мердігер жауапты, оның шарттық міндеттемелері бар, мен бұл тек мұз элементтері ғана емес, бұл пластиктен, ағаштан және ДСП-ден жасалған элементтер екенін айттым. Бұл кешен ауа райы жағдайларын ескере отырып арнайы жасалған. Температуралық режиміміз +1-ге ауысып жатқанын көріп отырмыз, сондықтан жылы ауа райында да серуендеуге болатындай кешен жасадық», деді Павлодар қаласы әкімінің орынбасары Светлана Гладышева.

Синоптиктердің болжамынша, бейсенбі күні бұл өңірде қарлы боран соғады.