• RUB:
    4.88
  • USD:
    443.44
  • EUR:
    480.51
Басты сайтқа өту
Қоғам 26 Желтоқсан, 2023

Қаңтар айында Қазақстан халқы қанша күн демалады?

234 рет
көрсетілді

Ел азаматтарының қаңтар айында қанша күн демалатыны белгілі болды, деп жазады Egemen.kz.

Жаңа 2024 жылға арналған ресми демалыс күндері – 1,2 қаңтар. Желтоқсан айының соңғы 30,31 күндері 2023 жылдың соңғы сенбі-жексенбісіне сәйкес келеді. Аптасына 6 күн жұмыс істейтіндерге 30 желтоқсанда жұмысқа шығуға тура келеді. Ал 5 күн еңбек ететіндер қатарынан 4 күн демала алады.

3,4,5 қаңтар – жұмыс күні. Ал 7 қаңтар – Рождество мерекесі жексенбі болғандықтан, қосымша демалыс күні берілмейді. Сәйкесінше, 5 күн жұмыс істейтіндер үшін 6,7 қаңтар сенбі-жексенбінің қалыпты демалысы.