• RUB:
    4.86
  • USD:
    441.58
  • EUR:
    480
Басты сайтқа өту
Оқиға 24 Желтоқсан, 2023

Газа секторында қаза тапқандар саны 20 258 адамға жетті

168 рет
көрсетілді

Израильдің Газа секторына соққылары салдарынан 7 қазаннан бері 20 258 адам мерт болды, тағы 53 688-і жарақат алды. Бұл туралы Анадолы агенттігі Газадағы Денсаулық сақтау министрлігіне сілтеме жасап жазды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Ведомство мәліметінше, тек кейінгі 24 сағатта палестиналық эксклавта 201 адам көз жұмды, 368 адам зардап шекті.

7 қазаннан бері Газа секторында қаза тапқан бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерінің саны 100 адамға жетті.