• RUB:
    4.86
  • USD:
    441.58
  • EUR:
    480
Басты сайтқа өту
Спорт 14 Желтоқсан, 2023

Шайбалы хоккей: Қазақстан спортшылары көш бастады

170 рет
көрсетілді

Венгрияның бас шаһары Будапештте өтіп жатқан шайбалы хоккейден әлем чемпионатында 1А дивизионында Қазақстан жастар құрамасы үшінші жеңісіне қол жеткізді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қазақстан құрамасы Франция хоккей қақпасына 4 шайба соғып, ойсырата жеңді (4:0).

Естеріңізге салайық, бұған дейін еліміздің жастар құрамасы әуелі Венгрияны (5:2) ұтты, кейін Даниядан (3:2) басым түскен еді.

Қазақстан жастар құрамасы үш ойыннан кейін 9 ұпаймен көш бастап келеді.

Бүгін Қазақстан Жапонияға қарсы матч өткізеді.

Айта кетсек, 1А дивизионының жеңімпазы келесі жылы Жастар арасындағы әлем чемпионатының элиталық кезеңінде ойнайды.