• RUB:
    4.88
  • USD:
    443.44
  • EUR:
    480.51
Басты сайтқа өту
Спорт 09 Желтоқсан, 2023

Қазақ қызы шахматтан абсолютті чемпион атанды

249 рет
көрсетілді

Шри-Ланканың Коломбо қаласында шахматтан өткен Батыс Азия чемпионатында Қазақстан шахматшысы Зейнеп Сұлтанбек қыздар арасында  абсолютті чемпион атанды, деп жазады Egemen.kz федерацияның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Түркістан облысының тумасы З.Сұлтанбек жылдам шахмат чемпионатында қарсыластарынан басымдылығын көрсетіп, кейін классикалық турнирде жеңіске жетті, ал финалда блицте үздік атанды. Солайша үш алтын медальді қаңжығасына байлады. Ұлдар арасындағы сайыста ел намысын астаналық шахматшы Алишер Мажкенов қорғады. Классикалық турнирде А.Мажкенов соңғы раундта жеңіске дәлдеді, бірақ, үш жеңімпазға бір ұпай ғана есе жіберіп, жетінші орынға жайғасты, ал блиц бойынша төртінші орынға ие болды.