• RUB:
    4.82
  • USD:
    440.92
  • EUR:
    475.36
Басты сайтқа өту
Елорда 06 Желтоқсан, 2023

Астанада 2000-нан астам жұмысшы, 1000 шақты техника қар күрейді

118 рет
көрсетілді

Қыс мезгілі басталып, қар мол түсуіне байланысты коммуналдық қызметтер тәулік бойы күшейтілген режимде жұмыс істейтінін елорда әкімдігі ресми сайтында хабарлады, деп жазады Egemen.kz.

6 желтоқсанда таңертеңгілік уақытта қала көшелері қарын күреуге 2000-нан астам жол жұмысшысы және 1000-ға жуық арнайы техника жұмылдырылды.

Әуелі, орталық көшелер, жолаушылар көлігі жиі қатынайтын орындар, аялдамалар, тротуарлар тазаланады.

Естеріңізге салайық, синоптиктер болжамынша, Астанада 6 желтоқсанда қарлы боран, көктайғақ болады, солтүстік-батыстан екпіні 15-20 м/с кейде 23 м/с жел соғады.

Қалада жабдықталған бірнеше қар полигоны бар. Олар самосвал техникасының нөмірлік белгілерін санау жүйесімен жабдықталған, мұнда бейнебақылау камералары орнатылып, жарықтандыру қосылған.