• RUB:
    4.88
  • USD:
    443.44
  • EUR:
    480.51
Басты сайтқа өту
Әлем 05 Желтоқсан, 2023

«107 мың 482 доллар»: Ең қымбат бағаға сатылған ракетка қай теннисшінікі?

141 рет
көрсетілді

Серб теннисшісі Новак Джоковичтің 2016 жылы «Ролан Гаррос» турнирін жеңген кезде ойнаған ракеткасы тарихтағы ең қымбат бағаға сатылды, деп хабарлайды Egemen.kz Qazsporttv телеграм арнасына сілтеме жасап.

Айта кетсек, 2016 жылы сербиялық теннисші финалда ұлыбританиялық Энди Маррейді 3:6, 6:1, 6:2, 6:4 көрсеткіштерімен ұтып, спорттық мансабында төртінші «Үлкен Дулыға» турнирінде жеңіске жеткен еді.

Н.Джокович аталған жеңісінен кейін ракеткасын жанкүйерлердің біріне берген екен. Дәл сол жанкүйер жеті жылдан кейін ракетканы спорттық жәдігерлер аукционында 107,482$-ға саудалаған.