• RUB:
    4.9
  • USD:
    443.72
  • EUR:
    482.28
Басты сайтқа өту
Қоғам 04 Желтоқсан, 2023

2024 жылғы діни мерекелер күнтізбесі бекітілді. Ораза қашан басталады?

10161 рет
көрсетілді

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Шариғат және пәтуа бөлімі 2024 жылғы діни күндер мен мерекелер кестесін бекітті, деп хабарлайды Egemen.kz.

Бекітілген кестеге сай, 2024 жылы Рамазан айы 11 наурызда басталады. Ал қасиетті Қадір түні 5-нен 6 сәуірге қараған түнге дәл келіп тұр.

Мұсылман қауым үшін қадірлі оразаның аяқталғанын білдіретін ұлық мейрам Ораза айт 10 сәуірде болады.   Ал, үш күн тойланатын Құрбан айт 17 маусымға сәйкес келіп тұр.    Мүбарак Мәуліт айы қыркүйекте басталмақ.   Ескеретін жайт: Қазақстан мұсылмандары Діни басқармасы діни мерекелердің нақты күндері жаңа айдың көрінуіне байланысты ауысуы мүмкін екенін мәлімдеді.