• RUB:
    4.88
  • USD:
    441.8
  • EUR:
    480.02
Басты сайтқа өту
Қоғам 01 Желтоқсан, 2023

Елімізде телефон алаяқтығының жаңа түрі пайда болды

554 рет
көрсетілді

Қазақстан Ұлттық Банкі жасанды интеллектіні пайдалана отырып жасалатын телефон алаяқтығының жиілеп кеткені туралы ескертті, деп хабарлайды Egemen.kz. 

«Алаяқтар кез келген адамның жақын туыстары мен таныстары туралы ашық дереккөздерден алдын ала ақпарат жинайды. Бұл дереккөздер – әлеуметтік желілер, қорғалмаған дерекқорлар мен интернетте орналастырылған дербес мәліметтер. Бұдан әрі олар дауыстық деректердің жазбасын жасау үшін белгісіз немесе анонимді телефон нөмірлерінен қоңырау шалады. Қаскөйлер алынған дауыстық жазбалар мен жасанды интеллект көмегімен өңделген бағдарламаларды пайдалана отырып, дербес деректерді немесе ақшалай қаражатты алу мақсатында өздерін алаяқтық құрбаны болатын адамның туыстары немесе жақындары ретінде таныстырады», делінген хабарламада. 

Қазақстан Ұлттық Банкі азаматтарды белгісіз нөмірлерден қоңырау шалынған кезде қырағылық танытып, өздерінің дербес деректерін ашпауға, мобильді қосымшаларды орнатпауға, мобильді телефонға қашықтан кіру рұқсатын бермеуге және телефон арқылы сөйлесу барысында алынған нұсқаулар бойынша үшінші тұлғалардың шоттарына ақшалай қаражатты аудармауға шақырды.