• RUB:
    4.82
  • USD:
    440.9
  • EUR:
    475.95
Басты сайтқа өту
Қоғам 29 Қараша, 2023

Қазақстанда саусақ іздерін міндетті тіркеу енгізілмеуі мүмкін

175 рет
көрсетілді

Қолданыстағы ережелерге сай саусақ ізін міндетті тіркеу 2024 жылдың 1 қаңтарынан басталуы керек болатын. Алайда елімізде міндетті дактилоскопиялық тіркеуді (саусақ ізімен анықтау) енгізуді алып тастау жоспарланып отыр. Құжат Мәжіліс қарауына жіберілген, деп жазады Egemen.kz.

«Заң жобасының маңызды жаңалығы – 2024 жылдың 1 қаңтарынан бастап құжаттандыру үшін халыққа қызмет көрсету орталықтарында міндетті түрде дактилоскопиялық тексеруді алып тастау. Қауіпсіздік мәселелері мен азаматтардың конституциялық құқықтарының сақталуына қатысты көптеген өтініштерге, сарапшылардың пікірлеріне байланысты осындай шешім қабылданды. Саусақ іздері азаматтың өтініші бойынша қалады. Сонымен қатар шетелдіктер үшін саусақ ізін алу міндетті болып қала береді», деді Мәжіліс депутаты Екатерина Смышляева.