• RUB:
    4.86
  • USD:
    441.58
  • EUR:
    480
Басты сайтқа өту
Футбол 27 Қараша, 2023

Жақын арада ешқандай клубты басқармаймын - Магомед Адиев

189 рет
көрсетілді

Футболдан Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері Магомед Адиев жақын арада «Ақтөбе» клубын басқаратыны туралы қауесеттерді жоққа шығарды, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Достар, жанкүйерлер, маған «Ақтөбе» футбол клубын басқаратыныма қатысты көптеген сұрақтар түсіп жатыр. Бірақ менің басты мақсатым мен міндетім – Қазақстан ұлттық құрамасын наурыз айында өтетін ойындарға дайындау. Мен қазір осыған ғана көңіл бөліп жүрмін.  Менің арманым – 2024 жылғы футболдан Еуропа чемпионатына жету және оған қатысу. Осыған орай, құрметті достар мен жанкүйерлер, мен жақын арада ешқандай футбол клубын басқаруды жоспарлап отырған жоқпын», деп жазды Әдиев әлеуметтік желіде.

Естеріңізге сала кетейік, Қазақстан плей-офф кезеңінде ойнайды, онда командалар Ұлттар лигасының қорытындысы бойынша іріктеуден өтеді. Жартылай финалда Магомед Адиев шәкірттері Грекиямен кездесіп, жеңіске жетсе, Грузия-Люксембург жұбының жеңімпазымен ойнайды. Егер құрама сырт алаңда екі ойында да жеңіске жетсе, Еуро-2024 финалына жолдама алады.