• RUB:
    4.88
  • USD:
    443.44
  • EUR:
    480.51
Басты сайтқа өту
Қаржы 14 Қараша, 2023

Номиналы 10 000 теңгелік мерейтойлық банкнота айналымға шығады

178 рет
көрсетілді

Қазақстан Ұлттық Банкі Қазақстан Республикасы ұлттық валютасының 30 жылдығына орай 15 қарашадан бастап номиналы 10 000 теңгелік мерейтойлық банкнотаны айналымға шығарады, деп хабарлайды Egemen.kz nationalbank.kz-ке сілтеме жасап.

Банкнотада 19 қорғаныш элементі бар. Монета бейнеленген дизайнда негізгі голографиялық элемент – теңгенің «₸» белгісі қолданылған. Банкнотаның екі жағында да шексіз қозғалыстың символы – «Мёбиус лентасы» бар.

Банкнотаның алдыңғы бетінде қазақы ою-өрнекпен дәстүрлі стильде безендірілген Қазақстан картасы аймақтарымен бейнеленген. Банкнотаның екінші бетінде картадағы Еуразия құрлығының жалпы контуры сызылған. Онда 5 мм магнитті қорғаныш жіп пен «₸» белгісі түріндегі Спарк элементі бар.

Номиналы 10 000 теңгелік мерейтойлық банкнота өз құнына сай Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында төлемнің барлық түрі бойынша қабылданады.