• RUB:
    4.88
  • USD:
    443.44
  • EUR:
    480.51
Басты сайтқа өту
Оқиға 13 Қараша, 2023

Талдықорған полициясының басшысы әйел зорлады деген күдікпен ұсталды

698 рет
көрсетілді

Талдықорған қалалық полиция бөлімінің бастығы Марат Күштібаев 27 жастағы әйелді зорлады деген күдікпен ұсталды, деп хабарлайды Egemen.kz. 

Ішкі істер министрлігінің орталық аппараты тергеуді ерекше бақылауға алды.

«Қалалық полиция басшысы облыс орталығының 27 жастағы тұрғынын зорлады деген күдікпен уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қазіргі таңда Қылмыстық кодекстің 120-бабы 2-бөлімі бойынша қылмыстық іс қозғалды», делінген облыстық полиция департаментінің хабарламасында.