• RUB:
    4.84
  • USD:
    441.41
  • EUR:
    477.78
Басты сайтқа өту
Аймақтар 09 Қараша, 2023

Қостанайда Қазақстан мен Ресейдің ХІХ өңіраралық ынтымақтастық форумы басталды

152 рет
көрсетілді

Қостанайда жаңа салынған Смарт-орталықта көршілес екі ел делегациясының қатысуымен «Ауыл шаруашылығы – қуатты экономиканың негізі» атты ынтымақтастық форумы басталды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Форум аясында қазіргі жағдайда азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету, агроөнеркәсіп саласындағы цифрлық технологиялар, жастар және ауыл шаруашылығы: білім берудегі жаңа үрдістер мәселелері талқыланады. Сондай-ақ екі елдің шекаралас өңірлерінің басшылары өзара экономикалық ынтымақтастық туралы келісім құжаттарына қол қояды.

Форум барысында Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пен Ресей Федерациясының Президенті Владимир Путин бейнеконференция режимі арқылы байланысқа шығады. Іскерлік кеңестің алқа отырысына Премьер-министрдің орынбасары Серік Жұманғарин мен Ресей Премьер-министрінің орынбасары Алексей Оверчук қатысып отыр.