• RUB:
    4.88
  • USD:
    443.44
  • EUR:
    480.51
Басты сайтқа өту
Теннис 09 Қараша, 2023

TOP-5: Әлемдегі ең бай теннисшілердің есімдері белгілі болды

197 рет
көрсетілді

Әлемдегі ең бай теннисшілердің тізіміне Қазақстан спортшысы Елена Рыбакина енді, деп хабарлайды Egemen.kz. 

Metaratings порталының мәліметінше, биыл көп табыс тапқан теннисші – польшалық Ига Швентек. Спортшы 9,86 миллион доллар пайдаға кенелген. Белорус Арина Соболенко 8,2 миллион доллармен екінші орынға жайғасты. Кейінгі сатыда екі АҚШ өкілі тұр: Коко Гауфф 6,67 миллион доллар, ал Джессика Пегула 5,97 миллион доллар тапқан.

Үздік бестікті Қазақстанның бірінші ракеткасы Елена Рыбакина түйіндейді. Отандасымыз 5,49 миллион доллар табыс тапқан. Бұл былтырмен салыстырғанда 1,92 миллион долларға артық.