• RUB:
    4.88
  • USD:
    443.44
  • EUR:
    480.51
Басты сайтқа өту
Жемқорлық 08 Қараша, 2023

28 млн теңге жымқырған: Ақмола облысында мектеп директоры мен есепші сотталды

184 рет
көрсетілді

Ақмола облысында білім беру ұйымының директоры мен есепшісі бюджет қаржысын жымқырды деген айыппен сотталды. Есепші жеті жылға бас бостандығынан айырылды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Аршалы аудандық сотында хабарланғандай, бір жылдан астам уақыт – 2022 жылдың қаңтарынан 2023 жылдың сәуіріне дейін аудандағы білім беру ұйымдарының бірінің есепшісі директорға, өзіне және басқа адамдарға жоғарылатылған көлемде жалақы аударып келген. Осы уақыт ішінде бюджеттен 28 миллион теңге ұрланған. Бұл аса ірі көлемдегі шығын болып есептеледі.

«Жаза тағайындау кезінде сот директордың соттылығының жоқтығын, келтірілген залалды толық өтегенін, сонымен қатар есепшінің ақшаның көп бөлігін ұрлағанын және басқа да әрекеттерде белсендірек болғанын ескерді», деп түсіндірді департаментте.

Аршалы аудандық соты іс бойынша сотталушыларды Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 189-бабының 4-бөлігінің 2-тармағымен кінәлі деп таныды. Есепші жеті жылға, директор екі жылға шартты түрде бас бостандығынан айырылды. Олардың әрқайсысы мемлекеттік қызметте лауазымдарды атқару құқығынан өмір бойына айырылды.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.