• RUB:
    4.88
  • USD:
    443.44
  • EUR:
    480.51
Басты сайтқа өту
Аймақтар 05 Қараша, 2023

Жүз екі жастағы майдангер аудан әкімі сайлауында өз таңдауын жасады

164 рет
көрсетілді

Қызылорда облысына қарасты Сырдария, Шиелі аудандары әкімдерін сайлау өтіп жатыр. Осы орайда сырдариялық 102 жастағы майдангер Яхия Тасыров алғашқылардың бірі болып дауыс берді, деп жазады Egemen.kz.

Аудан дамуына негіз болар саяси науқанға әр адам бей-жай қарамау қажеттігін һәм елге қызмет ететін азаматты таңдау маңызды сәт екенін айтқан ардагер өз таңдауынан кейін батасын берді.

Аталған облыстың сайлау комиссиясының мәліметінше Сырдарияда 22 мың 101, Шиеліде 50 мың 402 сайлаушы тіркелген. Дауыс беру кешкі сағат 20.00-ге дейін жалғасатыны мәлім.