Марапатталғандар арасында 298 ұстаз бен денсаулық сақтау саласының қызметкерлері, 259 ауыл шаруашылығы маманы, 119 еңбек ардагері, өндіріс саласының 88 жұмысшысы бар. Бұл – қарапайым еңбеккерлердің мәртебесін асыруға, қоғамдағы қадірін арттыруға бағытталған нақты қадам, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Мемлекет басшысының Жарлығымен Қазақстан Республикасының әл-Фараби атындағы ғылым мен техника саласындағы 2023 жылғы мемлекеттік сыйлығы «Қазақстан Республикасының атом-энергетика саласын құруға және көміртегі бейтараптығына қол жеткізу стратегиясын іске асыруға арналған әлемдік деңгейдегі зерттеулер мен әзірлемелер» тақырыбы бойынша жұмысы үшін:
«Қазақстан Республикасы Ұлттық ядролық орталығы» ШЖҚ РМК бас директоры Эрлан Ғаділетұлы Батырбековке; «Қазақстан Республикасы Ұлттық ядролық орталығы» ШЖҚ РМК «Атом энергиясы институты» филиалы директорының бірінші орныбасары Виктор Владимирович Баклановқа; 3. «Қазақстан Республикасы Ұлттық ядролық орталығы» ШЖҚ РМК бас директорының орынбасары Владимир Анатольевич Витюкке; «Қазақстан Республикасы Ұлттық ядролық орталығы» ШЖҚ РМК бас инженерінің орынбасары Денис Борисович Зарваға; «Қазақстан Республикасы Ұлттық ядролық орталығы» ШЖҚ РМК «Атом энергиясы институты» филиалы директорының материалтану зерттеулері жөніндегі орынбасары Ерболат Тайтөлеуұлы Қоянбаевқа; «Қазақстан Республикасы Ұлттық ядролық орталығы» ШЖҚ РМК бас ғылыми қызметкері Мәжін Қанапияұлы Сқақовқа; «Қазақстан Республикасы Ұлттық ядролық орталығы» ШЖҚ РМК «Атом энергиясы институты» филиалының бас ғылыми қызметкері Ирина Лашкаровна Тәжібаеваға; «Қазақстан Республикасы Ұлттық ядролық орталығы» ШЖҚ РМК «Атом энергиясы институты» филиалының термоядролық зерттеулер бөлімінің басшысы Бауыржан Жамбылұлы Шектібаевқа берілді.