• RUB:
    5.14
  • USD:
    451.38
  • EUR:
    487.22
Басты сайтқа өту
Оқиға 23 Қазан, 2023

Семей қаласындағы мектеп жертөлесінен өрт шықты

180 рет
көрсетілді

Бүгін Семей қаласындағы №40 мектептің жертөлесі отқа оранды. Анықталғандай, жертөледе тұрған трансформатордың электр сымдары тұйықталып қалған, деп хабарлайды Egemen.kz. 

Абай облыстық ТЖД баспасөз қызметі мәлім еткендей, өрт сөндірушілер мектепке 5 минутта келіп жеткен. Жедел әрекет еткен ТЖ мамандары жалынды 12 минут ішінде оқшаулап, сағат 9:41-де толық сөндірген.

Оқиға кезінде ғимаратта болған 371 оқушы мен 45 қызметкер қауіпсіз жерге көшірілді. Өртке байланысты оқушылар қашықтан оқыту форматына ауыстырылған.