• RUB:
    4.88
  • USD:
    443.44
  • EUR:
    480.51
Басты сайтқа өту
Қоғам 23 Қазан, 2023

Жаһандық конференцияда алғашқы медициналық көмектің жайы талқыланды

191 рет
көрсетілді

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қатысқан  Медициналық-санитариялық алғашқы көмек жөніндегі жаһандық конференцияның пленарлық отырысында Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының (ДДҰ)  Бас директоры  Тедрос Адханом  Гебрейесус бастаған шетелдік  қонақтар  сөз сөйледі, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Конференцияның пленарлық отырысында Тедрос Гебрейесустен өзге Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының Еуропадағы өңірлік бюросын басқаратын Ханс Клюге, Торонто денсаулық сақтау жүйесі унверситеті МСАК Серіктестік кеңсесі жаһандық бөлімінің жетекшісі Кэтрин Руло да сөз алып, өзекті мәселені қозғады.