• RUB:
    4.86
  • USD:
    441.58
  • EUR:
    480
Басты сайтқа өту
Республика күні 23 Қазан, 2023

Елордада Республика күніне арналған концерт өтті

297 рет
көрсетілді

Астананың Бейбітшілік және келісім сарайында «Республика – ел тұғыры» атты мерекелік концерт өтті, деп хабарлайды Egemen.kz Астана әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Республика күніне арналған іс-шара қазақ халқының салт-дәстүрін, әндерін, музыкалық аспаптарын дәріптеу мақсатында ұйымдастырылды.

«Республика күні – көпұлтты халықтың бірлігінің, әрқайсымыздың туған жерімізге деген шынайы сүйіспеншілігіміздің белгісі. Біздің міндетіміз – тәуелсіздігіміздің негізі болып саналатын айтулы мерекені атап өту. Бүгінгі концерт халық арасында Республика күнінің мәртебесін арттырып, мерекенің тарихи маңыздылығын көрсетеді деп санаймын», деді елорданың Алматы ауданының әкімі Мақсат Саматұлы.

Іс-шараға елордалық шығармашылық ұжымдар қатысты. Олардың арасында «Самға» ансамблі мен «Алтын домбыра» аспаптық ансамблі бар.