• RUB:
    4.96
  • USD:
    447.25
  • EUR:
    485.18
Басты сайтқа өту
Президент 15 Қазан, 2023

Жәнібек қазақ бокс мектебінің мықтылығын тағы да паш етті – Президент

1489 рет
көрсетілді

Мемлекет басшысы қазақ боксшысын айтулы жеңісімен құттықтады. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі ресми телеграм арнасында жазды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев қазақтың кәсіби боксшысы Жәнібек Әлімханұлын WBO және IBF тұжырымдарынан әлем чемпионы атағы үшін германиялық Винченцо Гуальтьеримен өткен жекпе-жектегі жарқын жеңісімен құттықтады.

«Жәнібек қазақ бокс мектебінің жоғары деңгейі мен мықтылығын әлемге тағы да паш етті. Бұл жеңіс бокспен айналысатын жастарды биік белестерді бағындыруға ынталандырады. Сізге зор денсаулық, бақ-береке тілеймін. Жеңістен жеңіске жете беріңіз!», деп жазды Мемлекет басшысы Twitter парақшасында.