• RUB:
    4.88
  • USD:
    443.44
  • EUR:
    480.51
Басты сайтқа өту
Оқиға 15 Қазан, 2023

ШҚО–да жылу қазандығы жарылып, бір адам көз жұмды

189 рет
көрсетілді

Шығыс Қазақстан облысына қарасты Зайсан ауданында қоғамдық моншада жылу қазандығы жарылып, 1 адам қайтыс болды, деп хабарлайды Egemen.kz ШҚО Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Департамент дерегінше, оқиға осы айдың 14-і күні Зайсан қаласының Боқажанов көшесінде болған.

Қоғамдық моншада қатты отынмен жұмыс істейтін жылу қазандығы жарылған.

«Жедел жәрдем екі ер адамды медициналық мекемеге жеткізді. Қазандық жарылған мезетте монша ішінде адамдар болмаған. ТЖД қызметкерлері жартылай құлаған ғимаратты тазалап жатыр», делінген хабарламада.