Қазақ боксшысы Мейірім Нұрсұлтанов (19-0, 11 КО) Дүниежүзілік бокс ұйымының (WBO) нұсқасы бойынша 2023 жылдың ең үздік орта салмақтағы боксшысы атанды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Бұл туралы Доминикан Республикасында өтіп жатқан конгрессте WBO ұйымы мәлімдеді.
Boxrec.com сайтының жазуынша, маусым айының қорытындысы бойынша ең үздік қазақ боксшыларының рейтингін Геннадий Головкин бастап тұр, одан кейін Мейірім Нұрсұлтанов пен Сергей Липинец тұр.
Айта кетейік, 30 жастағы Нұрсұлтанов кәсіпқой рингте 19 жекпе-жекте жеңіске жетіп, 11 жекпе-жегін мерзімінен бұрын аяқтаған.
2023 жылы Мейірім бір жекпе-жек өткізді. Сәуірде Нұрсұлтанов жапондық Каззуто Такесатоны (16-1-1, 15 КО) техникалық нокаутпен жеңіп, WBO International чемпиондық атағын сәтті қорғап қалды.