• RUB:
    4.84
  • USD:
    441.41
  • EUR:
    477.78
Басты сайтқа өту
Форум 12 Қазан, 2023

Digital Bridge Awards жеңімпаздары марапатталды

182 рет
көрсетілді

Астанада Орталық Азиядағы ең ірі Digital Bridge 2023 халықаралық технологиялық форумының бас пленарлық отырысынан кейін ҚР Премьер-министрінің қатысуымен Digital Bridge Awards жеңімпаздары марапатталды. Бұл туралы Үкіметтің баспасөз қызметі хабарлады, деп жазады Egemen.kz.

Сыйлық қазылар алқасы мүшелерінің онлайн-дауыс беруінің қорытындысы бойынша ақпараттық-коммуникациялық технологияларды дамытудағы жетістіктері үшін Орталық Еуразия елдерінің үздік IT-компанияларына беріледі.

Номинациялар бойынша Digital Bridge Awards 2023 жүлдегерлері:

Export Excellence (IT-қызметтерді экспорттауға бағытталған даму стратегияларын табысты түрде іске асыру) – Алексей Аксенов, бағдарламалық қамтамасыз етуді және күрделі цифрлық платформаларды әзірлейтін EPAM Kazakhstan компаниясының директоры; Tech for Good (экологиялық, әлеуметтік және экономикалық мәселелерді шешуге арналған технологиялар) – Әсем Тәжиева, кішкентай балалар, оның ішінде ерекше қажеттіліктері бар балалардың ата-аналары үшін пайдалы ақпарат беретін мобильді қосымша Ozim Platform әлеуметтік стартабының негізін қалаушы; Tech Educational Leader (оқытуда инновациялық, батыл және шығармашылық бастамаларды қолданатын бағдарламалау мектептері) – Данабек Қалиажаров, Alem School жетекшісі; Tech Media of the Year (технологиялық журналистика саласындағы жетістіктер) – Тагай Тазабеков, Қырғызстандағы жастарға арналған Limon.KG бірінші интернет-басылымының директоры; Employer of Choice (қызметкерлерді кәсіби және тұлға ретінде дамытуға ынталандыратын жұмыс ортасын ұсынушы компаниялар) – Дмитрий Ботанов, қызметтер, жылжымайтын мүлік және автокөлік сату саласындағы Kolesa Group IT-компанияның бас директоры; VC of the Year (инновациялық экожүйенің дамуына елеулі үлес қосқан венчурлік инвесторлар) – Әділ Нұрғожин, Big Sky Сapital венчурлық қорының басқарушы серіктесі; AI Startup of the Year (жасанды интеллект саласындағы жетістіктері үшін) – Азизджон Азими, Тәжікстан жастарына қаржы және телекоммуникациялық компанияларға жұмысқа орналасу үшін IT және ЖИ бойынша мамандандырылған курстардан өтуге мүмкіндік беретін Zypl.ai орталығының негізін қалаушы.

Премьер-министр Әлихан Смайылов жеңімпаздарды марапаттап, олардың алдағы жұмыстарына табыс тіледі.