• RUB:
    5.05
  • USD:
    450.79
  • EUR:
    482.21
Басты сайтқа өту
Ауа райы 11 Қазан, 2023

Ертең қар аралас жаңбыр жауады

236 рет
көрсетілді

Синоптиктер 12 қазанға арналған ауа райы болжамын жариялады, деп жазады Egemen.kz.

«Қазгидромет» РМК болжамына сәйкес, ертең елдің басым бөлігінде күн құбылмалы болады. Қар аралас жаңбыр жауады.

Тек Қазақстанның солтүстік-батысында және оңтүстік-шығысында жауын-шашын жаумайды. Алайда елдің барлық аумағында екпінді жел соғады, түнде және таңертең тұман болады.

Елордада көшпелі бұлт шығады, күндіз жаңбыр жауады. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-шығысқа ауысады, екпіні 9-14 м/с дейін жетеді. Ауа температурасы түнде +2+4°С, күндіз +8+10°С.

Алматыда көшпелі бұлт шығады, күн жауын-шашынсыз өтеді. Желдің екпіні - 0-5 м/с. Ауа температурасы түнде +12+14°С, күндіз +25+27°С.

Шымкентте көшпелі бұлт шығады, күндіз жаңбыр жауады деп болжанып отыр. Солтүстік-батыстан соғатын желдің екпіні 8-13, таңертең және күндіз екпіні 15-20 м/с дейін жетеді. Ауа температурасы түнде +13+15°С, күндіз +23+25°С.