• RUB:
    4.88
  • USD:
    443.44
  • EUR:
    480.51
Басты сайтқа өту
Форум 09 Қазан, 2023

Педагогтердің ашық ұлттық саммиті өтті

207 рет
көрсетілді

Астанада Nobel Fest ғылыми фестивалі аясында Оқу-ағарту министрлігінің қолдауымен Қазақстан тарихында алғаш рет ұйымдастырылған – Педагогтердің ашық ұлттық саммиті өтіп, оған әлемнің ең үздік ұстаздары қатысты, деп хабарлайды Egemen.kz.

Ведомствоның мәліметінше, педагогтер саммиті – мұғалімдер, ата-аналар және мектеп басшылығы үшін кәсіби білім беру платформасын құруға бағытталған бастама.

Бірегей шараның ашылуында Оқу-ағарту бірінші вице-министрі Наталья Жұмаділдаева сөз сөйлеп: «Бұл шарада түрлі мәдениеттер, тілдер мен педагогикалық тәсілдер тоғыстырылды. Ең бастысы, бұл шарада шәкіртіне толыққанды білім беру үшін өз біліктілігін үнемі арттырып, жетілдіріп отыратын педагогті бірінші орынға қойып отырмыз», деді.

Айта кетсек, Nobel Fest - халықаралық EdTech платформасы. Фестивальдің басты мақсаты – отандастарымызды білімге, ғылымға және инновацияға баулу.