• RUB:
    4.9
  • USD:
    443.72
  • EUR:
    482.28
Басты сайтқа өту
Спорт 09 Қазан, 2023

Азия ойындарының жеңімпаздары елге оралды

203 рет
көрсетілді

Жанкүйерлер Азия ойындарының жеңімпаздары мен жүлдегерлерін Астана әуежайында сән-салтанатпен күтіп алды, деп хабарлайды Egemen.kz.

23 қыркүйек - 8 қазан аралығында Қытайдың Ханчжоу қаласында XIX жазғы Азия ойындары өтті. Жарыста Қазақстан құрамасына 80 медаль бұйырды. Елорда әкімдігінің мәліметінше, олжалы қайтқан спортшылардың арасында астаналықтар да бар.

«Жарысқа астаналық құрама команданың 5 спортшысы джиу-джитсу және шахмат спорт түрлерінен сынға түсті. Команданың қоржынында 1 алтын, 1 күміс және шахматтан қыздар құрамасы командалық қола жүлдеге ие болды. Азия ойындарында джиу-джитсу спорт түрінен сынға түсіп, чемпион атанған астаналық спортшы Нұржан Батырбеков ел қоржынына 10 алтынның біреуін алып келді. Сол сияқты жерлесіміз Галина Дуванова күміс жүлдеге ие болды», делінген Астана қаласы әкімдігінің мәліметінде.